Мас күйінде көлік жүргізген екі мыңға жуық адам ұсталды

1359

2019 жылы 6 млрд 419 мың теңгеге айыппұл салынған. 

Мас күйінде көлік жүргізген екі мыңға жуық адам ұсталды

Алматы полиция департаменті 2019 жылдың статистикасын көпшілік назарына ұсынды. Оның қорытындысы бойынша өткен жылы мегаполисте 4 мың 489 жол көлік оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 161 адам қаза тауып, 5 мың 308 адам жарақат алған. 2019 жылдың басынан бері 967 мың 869 жол ережесін бұзу фактісі анықталған. Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұратәлиевтің сөзінше, жалпы алғанда 6 млрд 419 мың теңге айыппұл салынған. 

"2019 жылы 452 мың 638 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал мас күйінде көлік тізгініне отырған 1 мың 855 адам ұсталды. Жүргізуші куәлігінен 4 мың 978 адам айырылды. Сонымен қатар 71 жүргізуші оқиға орнында тұтқындалды", – деді Жандос Мұратәлиев. 

Бүгінгі таңда Алматыда жол көлік оқиғаларының санын төмендету мақсатында "Жолда жүру қауіпсіздігі" жүйесі жұмыс істеуде. Оған 107 бейне бақылау бекеті кіреді. 2019 жылы аталған құрылғылар 515 мың 231 жол ережесін бұзу фактісін анықтап, 3 млрд 684 млн 149 мың теңгеге айыппұл тіркеген. 

Жалпы алғанда Алматы қаласында 535 мың 837 көлік бар. Ал шаһардағы жолдарының ұзындығы 3 мың 015 километр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу