Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жүргізуші көп ұзамай ұсталды. Тексеру кезінде оның алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Бұл медициналық куәландыру нәтижесімен де расталған.
Жүргізушінің айтуынша, ол жұбайымен жанжалдасып қалғаннан кейін ашуға беріліп, көлікке отырған. Полицейлердің тоқтату туралы талабын елемей, қала көшелері мен бұрылыс жолдар арқылы бой тасалауға тырысқан.
Сот шешімімен ер адам көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Сонымен қатар оған 15 тәулік әкімшілік қамақ және 145 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Мас күйінде көлік жүргізу жолдағы басқа адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Мұндай әрекет ауыр жол-көлік оқиғаларына, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін.
Жыл басынан бері Жамбыл облысында көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған 923 жүргізуші анықталған.