Мас жүргізуші қаққан екінші оқушы көз жұмды

887

Аталған жағдай 2 наурыз Алматы облысында орын алған еді.  

Мас жүргізуші қаққан екінші оқушы көз жұмды

Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан екінші оқушы көз жұмды, деп хабарлады inbusiness.kz

Бұл ақпаратты Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова растады. 

Қайғылы оқиға 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында орын алған. Мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетіп, оның үшеуі ауруханаға жатқызылған еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды.

14 наурыз күні оқушылардың бірі есін жимастан, аурухана көз жұмған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу