Мас жүргізуші полиция қызметкері емес – Алматы қаласы ПД

978

Жол көлік апатынан екі полиция қызметкері қайтыс болып, бір полиция қызметкері жансақтау бөліміне түсті.    

Мас жүргізуші полиция қызметкері емес – Алматы қаласы ПД

Алматы полициясы блокпосты қиратып, екі полиция қызметкерін мерт қылған жүргізуші туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде мас жүргізушінің өзі де полиция қызметкері деген сыбыс тарады.

"Ақпаратты растамаймыз", – деді Полиция департаментінің өкілдері.

Айта кетейік, қайғылы оқиға бүгін таңға жуық 4 блокпоста болған. BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу