Мас жүргізуші жалған жүктілік анықтамасын сотқа ұсынған

1017

Прокуратураның тексерісінен кейін әйел 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды  

Мас жүргізуші жалған жүктілік анықтамасын сотқа ұсынған Фото: ЖИ

Ақсу қаласында мас күйінде көлік басқарған жүргізушінің жазаны жеңілдету үшін жалған жүктілік анықтамасын пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, әйел жүргізуші куәлігінсіз алкогольдік масаң күйде жол-көлік оқиғасын жасаған. Істі қарау барысында сотқа оның жүкті екендігі туралы медициналық анықтама ұсынылып, соның негізінде әкімшілік қамау жазасы айыппұлмен алмастырылған.

Алайда прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде ұсынылған құжаттың жалған екені белгілі болды.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 416-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар аталған іске байланысты полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне де құқықтық баға берілуде.

Прокуратура құқық бұзушылықты саралау мен жаза түрін өзгерту туралы апелляциялық өтінішхат енгізіп, айыппұлды әкімшілік қамауға ауысды талап етті.

Облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу