Мас жүргізушінің кесірінен жолаушы қаза тапқан

845

Ақтөбе облысында жол апаты болды.  

Мас жүргізушінің кесірінен жолаушы қаза тапқан

Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кесірінен көліктегі 28 жасар жолаушы қайтыс болды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Оқиға12 сәуір күні Кеңқияқ кентінің жанындағы облыстық маңызы бар "Покровка-Жаңажол" автожолының 89 шақырымында жол апаты болған. "Лада-Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы бойынша оң жақтағы ойыққа аударылып кеткен. Ол көлік салонында отырған адаммен  бірге Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмаған. Медициналық куәландырудың қорытындысы Темір ауданында тұратын, 27 жастағы жүргізушінің автокөлікті мас күйінде айдағанын көрсеткен.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жол апатына кінәлі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.   

Жыл басынан бері облыста алкогольді ішімдік ішкен екі жүргізушінің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы болған, сондай-ақ, облыс жолдарында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 37 жүргізуші ұсталған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу