Масаң күйде елдің мазасын алған жолаушы пойыздан түсірілді

464

Жолаушы Алматы облысының 54 жастағы тұрғыны екені анықталды.  

Масаң күйде елдің мазасын алған жолаушы пойыздан түсірілді Фото: yandex.kz

Көлік полицейлері Қызылорда облысы Жосалы станциясында Маңғыстау – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан құқық бұзушыны акт бойынша түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғамдық орында масаң күйде болған ер адам ескертулерге құлақ аспаған, сөйтіп жолаушылардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігімен екі әкімшілік хаттама толтырылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (34 500 теңге) айыппұл салынды. 

Еске салайық, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 19 564 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу