Машина жасау өндірісі 37%-ға артты

924

Қазақстанда машина жасау өндірісі өткен жылға қарағанда 37 пайызға артқан.

Машина жасау өндірісі 37%-ға артты

Оның ішінде автомобиль құрастыруда 15%-ке өсім бар. Астанада 2 күн бойы өтетін өңдеу өнеркәсібінің тауарлары қойылған халықаралық көрмеде бұл техникалар көпшілік назарына ұсынылды.

Биыл салаға тартылған инвестиция көлемі де 23 пайызға ұлғайған. Жыл басынан елде 700 млрд теңгеге 69 мыңға жуық техника шығарылыпты.

Министрдің сөзінше, өңдеу өнеркәсібі саласында әлі де өсім болады. Өйткені 160-қа жуық жаңа кәсіпорын ашылмақ. Ал машина жасау ісіне баса мән беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу