Машина жасау саласында өндіріс көлемі 4 есе өсті

748

Ал салаға тартылған инвестициялар 2,5 есе, экспорт 3 есе артқан. 

Машина жасау саласында өндіріс көлемі 4 есе өсті

Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Машина жасауды дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасын іске асыру статистикасымен бөлісті. 

"Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде машина жасау, өңдеу өнеркәсібі дами бастады. Соңғы 10 жылда саладағы өндіріс көлемі 4 есе, инвестициялар 2,5 есе, экспорт 3 есе өсіп, 1,1 млрд долларды құрады. 2020 жылдың сегіз айындағы саладағы өндіріс көлемі 16,3%-ға өсті. Сектордағы 3 мың кәсіпорында 123 мың адам еңбек етеді", – деген министр жаңа жобаларға тоқталды. 

"Мемлекет пен бизнестің бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде салада 128 жоба іске асырылды. Оның жалпы сомасы 367 млрд теңге. Нәтижесінде 16 мың жұмыс орны құрылды. Еңбек өнімділігі 9,2 мың доллардан 15,5 мың долларға өсті. Жасалатын өнімдер номенклатурасы кеңейтілді. Оның ішінде локомативтер, аккумуляторлардың жаңа түрлері, жолаушылар және жүк вагондары бар. Қазір біздің кәсіпорындар Қытай, Әзербайжан, Тәжікстан, БАӘ, Италия сынды мемлекеттерге өнім экспорттайды", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу