Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы қабылданған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БАҚ өкілдері қатысқан брифингте тілшілер сұрақ ауанын резонанстық істер бойынша сотталған азаматтарға бағыттады. Дәлірек айтқанда, Ішкі істер министрінің орынбасарына "Қуандық Бишімбаев, Кәрім Мәсімов және Перизат Қайрат рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе?" деген сұрақ қойды.
– Ол азаматтар рақымшылыққа ілікпейді. Өйткені, ҚР ҚК 78-бабы терроризм, экстремизм, мемлекетке опасыздық жасау, жемқорлық, қылмыстық топтардың құрамында болу бойынша сотталған азаматтарға амнистия жасауға тікелей тыйым салады. Сондықтан, аталған тұлғалардың рақымшылыққа ілінуі жөнінде мәселе қозғалып жатқан жоқ және қозғалмайды да, – деп нақтылады Санжар Әділов.