Сондай-ақ, ол басқа да айыпталушыларға қатысты көрген-білгенімен бөлісті. Нақтыласақ, ұсталған бұрынғы ведомство басшылары Садықұлов, Ерғожин және Осиповке байланысты көзделген қылмыстық істерге куәлік етті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тенгриньюс агенттігіне жіберген жазбаша жауабында Самат Әбіштің өзіне қатысты ешқандай қылмыстық іс тіркелмегенін жеткізді. Бұлтартпау шарасы да қолданылмаған. Жадыңызда болса, осыдан бір ай бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Самат Әбіштің "тергеу назарында" екенін айтқан еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу