Мәсімов неге үйқамаққа жіберілген жоқ?

Негізгі сот отырысы 3 наурызда өтеді. 

Мәсімов неге үйқамаққа жіберілген жоқ? Фото: tengrinews.kz

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы облыстың полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімовке қатысты істі қарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Айыпталушының қорғаушылары оны жабық мекемедегі қамаудан үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш білдірген еді. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ.

Қаулыда Нұрлан Мәсімов ауыр және аса ауыр қылмыс деп саналатын 366-баптың 4-бөлімі, 189-баптың 4-бөлімі 2 пункті бойынша күдікке ілінгені көрсетілген. Яғни, оған ірі көлемдегі пара алу мен бөгде біреуге тиесілі мүлікті иеленуге қатысты айып тағылып отыр.

"Одан бөлек, қылмыстық іс материалдарына сүйенер болсақ, бұған дейін Нұрлан Мәсімов сотқа дейінгі тергеу барысында жасырынып, оған іздеу жарияланған болатын. Осыны негізгі ала отырыпы, өтініш қанағаттандырылмайды", - деп атап өтті сот өкілдері.

Сонымен қатар, сот қорғаушылардың қылмыстық істі прокурорға қайтаруға қатысты өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды.

Айта кетейік, Нұрлан Мәсімовке қатысты негізгі сот отырысы 3 наурызға белгіленіп отыр. Аталмыш іс алқаби мүшелерінің қатысуымен қаралады. Ол үшін сот бірыңғай тізімнен 200 және қосалқы тізімнен 100 кандидатты шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу