Мәсімов терроризмді қаржыландырушылар тізіміне енгізілді

459

Яғни, оның барлық қаржысын бұғатталады; нотариалдық, сақтандыру қызметтерінен айырылады

Мәсімов терроризмді қаржыландырушылар тізіміне енгізілді Фото: Ашық дереккөзден

ҚР ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ресми түрде терроризмді қаржыландырушылар тізіміне енгізілді.

Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімінде Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары әрекет етуші тұлғалар ретінде көрсетілген

Банктер бұл тізімге енгізілген тұлғалардың барлық қаржысын бұғаттап, олар нотариалдық, сақтандыру қызметтерінен айырылады.  

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Кәрім Мәсімов жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал оның орынбасары болған Әнуар Садықұлов 16 жылға сотталды. ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу