"Мәсімов төраға болған кезде заңсыз сотталдық" деген офицерлер әділдік іздейді

757

Қарулы Күштердің бір топ офицері әділдік іздейді, деп хабарлайды Atameken Business.

"Мәсімов төраға болған кезде заңсыз сотталдық" деген офицерлер әділдік іздейді

Экс-генералдар мен полковниктер Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған кезде, заңсыз сотталдық дейді. Енді өздерін толықтай ақтауды талап етуде.

Баспасөз конференциясында полковник Мұхтар Қарабеков 2017-ші жылы 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты. Әскери сот оны пара алғаны үшін кінәлі деп тапқан. Жазасын өтеп шықса да, офицер кінәсін мойындамайды. Сондай-ақ тергеу барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сол кездегі басшылығы қоқан-лоққы мен қысым көрсетті дейді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу