Мәсімовтың экс-орынбасары қамауға алынды

3907

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі ҰҚК баспаөз қызметіне сілтеп. 

Мәсімовтың экс-орынбасары қамауға алынды

"Қ. Мәсімовке, А. Садықұловқа және Д. Ерғожинге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іске "өте құпия" деген белгі берілді", – деп хабарлайды ҰҚК-дан. 

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жарияланбайды. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов қамауға алынғаны хабарланған. 

Мәсімов 6 қаңтарда мемлекетке "опасыздық жасады" деген күдікке ілінген. 

13 қаңтарда оның екі орынбасары – Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны белгілі болды. Олар "биікті күшпен басып алмақ болды", "билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды" деген күдікке ілінген. 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде елдегі жаппай тәртіпсіздіктер мен террористердің агрессиялық актілері кезінде арнайы қызметтің жұмысын сынға алды. Президенттің ақпараты бойынша, еліміздің кейбір өңірлерінде ҰҚК департаменттерінің басшылары әскери арсенал жеткілікті бола тұра ұрысқа кірмей, қызметтік ғимараттардан шығып, онда қару-жарақ пен құпия құжаттаманы қалдырып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу