Мәсімовтың жазасын өтейтін орны өзгерді

469

Кәрім Мәсімовтің 18 жыл жазасын өткізетін түзеу мекемесі өзгерді.

Мәсімовтың жазасын өтейтін орны өзгерді Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасының шағымын қараған аппеляциялық сот алдыңғы соттың үкіміне осындай түзету енгізген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сот биылғы 21 мамырда күшіне енген қылмыстық кодекстің 46-шы бабына сүйенген. Ол бапқа сәйкес, 2 жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айрылғандарға қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтеу тағайындалады екен. Енді Мәсімов пен сыбайластары қатаң тәртіпте емес, орташа тәртіптегі колонияда жазасын өтейді.

Басқа жағынан алдыңғы үкім өзгеріссіз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу