Маск байлығының жартысынан айырылып, Гиннестің рекордтар кітабына енді

1104

Ол адамзат тарихында ең үлкен қаржылық шығынға ұшырады. 

Маск байлығының жартысынан айырылып, Гиннестің рекордтар кітабына енді Фото: inbusiness.kz

Гиннестің рекордтар кітабының есебіне сәйкес, Илон Маск тарихтағы жеке байлықты жоғалту көрсеткіші бойынша әлемдік рекорд орнатты. Әлемдегі ең бай адам деп саналған кәсіпкер 2021 жылдың қараша айынан бастап 182 миллиард доллардан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz eadaily.com сайтына сілтеме жасай отырып.

The Guardian хабарлағандай, миллиардер 2021 жылдың қарашасынан бері шамамен 182 миллиард доллар жоғалтты, дегенмен басқа дереккөздер бұл сома 200 миллиард долларға жетуі мүмкін деп болжайды.

"Масктың байлығы 2021 жылы 320 миллиард доллардан 2023 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 138 миллиард долларға дейін төмендеді, бұл негізінен Tesla акцияларының нашар көрсеткіштеріне байланысты", - делінген Global records дерекқорында.

Сарапшылар нақты санды "анықтау мүмкін емес" екенін мойындайды, бірақ Масктың жалпы шығыны жапондық технологиялық инвестор Масаеши Сонның 2000 жылы орнатқан 58,6 миллиард долларлық рекордынан "әлдеқайда жоғары".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу