Маск бір күнде миллиардтаған долларынан қағылды

1214

Соған қарамастан ол 266 млрд доллар байлығымен әлемдегі ең бай адам болып қала берді. 

Маск бір күнде миллиардтаған долларынан қағылды

Tesla бас директоры Илон Маск 934 мыңнан астам акциясын сатты, оның капиталы бір күнде 5,42%-ға азайды.  Бизнесмен 15,1 млрд долларға кедейленді, деп жазады inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.  

Үлестің құны шамамен 963 млн долларды құрады.  Осылайша, Маск қараша айында Twitter-дегі жазушыларынан Tesla-дағы акцияларының оннан бір бөлігінен сату керек пе деп сұрағаннан кейін 11 млн акциясын сатты.  10%-ға, яғни 17 млн құнды қағазға жету үшін оған тағы алты миллион акция сату керек. Бағалы қағаздар 4 қарашадан бері 18%-ға арзандады. 

Соған қарамастан Маск 266 млрд доллар байлығымен әлемдегі ең бай адам болып қала берді. Оның қаржысы тек биылғы жылдың өзінде 110 млрд долларға өсті.  

Бизнесмен акцияларын сатуды Twitter желісірдегі сауалнамасынан кейін бастады. Онда ол жазылушыларға “Tesla акцияларының 10%-ын сату керек пе?” деген сауал жолдаған.  Үш жарым млн-нан астам адам қатысқан дауыс беруде көпшілік сатуды қолдады.  

Сауалнама алдында Демократ сенатор Рон Уайден ең бай американдықтарды акциялардың өсімі үшін 23,8% салық төлеуге міндеттеу туралы ұсынысы айтқан. Маск бұл бастаманы сынға алып, акциялары сатылған жағдайда ғана салық төлей алатынын, өйткені бұл оның жалғыз табыс көзі екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу