Маск Медведевтің Трасс туралы әзілін қалай бағалады

589

Американдық кәсіпкерге Медведевтің Лиз Трасстың кетуіне қатысты пікірі қатты ұнаған көрінеді.  

Маск Медведевтің Трасс туралы әзілін қалай бағалады Фото: inbusiness.kz

Илон Маск Twitter-де Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің Ұлыбритания Премьер-Министрі Лиз Трасстың отставкаға кетуі туралы әзіліне жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сілтеме жасай отырып gazeta.ru.

Бұған дейін Медведев Twitter әлеуметтік желісінде латук-салатын “жеңісімен” құттықтады. 

"Шынымды айтсам, мықты троллинг", – деп жазды Маск Медведев постына пікір қалдырып.

Өткен аптада Британдық букмекерлік кеңселер салат шіріп кетпес бұрын Трасстың қызметінен кететініне бәс тігуді ұсынды.

The Daily Star салаттың толығымен шіріп бітуін бақылайтын тікелей эфир бастады. Ондағы ой – аталмыш көкөніс 35 күнде толығымен шіриді, ал Лиз Трасс осы уақыт аралығында өз орнында қала ала ма? Өздеріңіз түсінгендей, салаттың басы жеңіске жетіп, тіпті, эфирде оның құрметіне той тойланды. Әзіл көпшіліктің көңілінен шығып, біраз адамдар пікір білдірді. Ресей саясаткері де қалыс қалмаған көрінеді. 

Трасс 20 қазанда қызметінен кететінін жариялағанын еске саламыз. Бар болғаны 44 күн қызмет атқарды. Оның премьер-министр ретіндегі қызметі Ұлыбритания тарихындағы ең қысқа мерзім ретінде қалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу