МӘСҚ-нан 55 мыңнан астам азамат төлем алды

1786

Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша 47 мың адам әлеуметтік жәрдемақы алды.

МӘСҚ-нан 55 мыңнан астам азамат төлем алды

2019 жылдың 8 айында 577 мың қазақстандық шамамен 129,9 млрд теңге сомасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) төлемдер алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Кейбір азаматтар МӘСҚ-дан бірден бірнеше төлем түрлерін алатындығын айта кету керек. Осылайша, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлем сомасы 6,3 млрд теңгені (төлемдердің жалпы көлемінің 4,9%), еңбек қабілетінен айырылған жағдайда – 9,1 млрд теңгені (7%), жұмысынан айырылған жағдайда – 2,9 млрд теңгені (2,3%), құрады. Сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда – 52,1 млрд теңге (40,1%), бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда – 59,5 млрд теңгені (45,8%) алды.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты аналарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің орташа мөлшері 416 400 теңгені, ал төлем алушылардың саны - 134,7 мың адамды құрады. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мөлшері 31 052 теңгені құрады, оны 353,8 мың қазақстандық алды.

Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша 47 мың адам әлеуметтік жәрдемақы алды, оның орташа мөлшері 22 401 теңгені құрады. 45,6 мыңнан астам қазақстандыққа асыраушысынан айрылу жағдайында төлемдер төленді, олардың орташа мөлшері 17 578 теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу