Маск пен Цукерберг жекпе-жегі осы айда болуы мүмкін

705

Жекпе-жек осы айдың 26-і болуы мүмкін. 

Маск пен Цукерберг жекпе-жегі осы айда болуы мүмкін

"Мета" компаниясының басшысы Марк Цукерберг X (бұған дейін Twitter) әлеуметтік желісінің иегері Илон Маскпен айқасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Мен бүгін де дайынмын. Оған 26 тамызда өткізуді ұсындым, алайда ол әлі өз ойын білдірген жоқ", - деп жазды Цукерберг Threads әлеуметтік желісінде. Ол айқастың өзі ұсынған күні өтетініне күмәнмен қарайды.

Цукерберг Илон Масктың жекпе-жекке дайындалып, кеңседе гантель көтеріп жатқаны көрсетілген бейне постынан еш әсер алмағанын айтып, пікір қалдырды.

Цукербергтің X әлеуметтік желісімен бәсекелесетін Threads платформасын ашуы екі миллиардердің арасында келіспеушілік тудырған. Соңғы уақытта Маск пен Цукербергтің аралас жекпе-жек бойынша айқасы кеңінен талқыланып келеді. Абсолютті сайыскер чемпионатының президенті Дэйна Уайт айқас өтеді деп есептейді және ол ең көп қаралым жинамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу