Маск рэпер Канье Уэсттің Twitter-дегі аккаунтын тағы бір рет бұғаттады

506

Рэпер тағы да әдеуметтік желінің зорлық-зомбылықты болдырмауға қатысты ережесін бұзды.

Маск рэпер Канье Уэсттің Twitter-дегі аккаунтын тағы бір рет бұғаттады Фото: news.trenddetail.com

Атақты американдық рэпер Канье Уэсттің Twitter-дегі аккаунтын әлеуметтік желі тағы да әкімшілігі бұғаттады. Бұл туралы жұма күні платформа иесі Илон Маск хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Мен қолдан келгеннің барлығын жасадым. Соған қарамастан, Канье біздің зорлық-зомбылыққа қарсы саясатымызға кереғар әрекет жасады. Аккаунт бұғатталды", деп жазды Маск Twitter-де.

Рэпердің аккаунты бұған дейін оның еврей қауымына қатысты айтқан даулы сөздеріне байланысты бұғатталып, тек қазан айының соңында ашылған болатын.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу