Ол Twitter-дегі өз парақшасында осындай мазмұндағы сауалнаманы жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұрынғы президент Трампты қалпына келтіру керек пе?", – деп жазды Маск.
Төменгі жағында екі жауап көрсетілген (иә немесе жоқ).
Бұған дейін Трамп өзінің Truth social әлеуметтік желісінде Илон Масктың Twitter-ді сатып алуына қатысты пікір білдіріп, аталған желі басшылығына дұрыс адам келді деп мәлімдеді. Алайда ол Twitter-дегі аккаунты бұғаттан шығарылса, ол оны пайдаланатын-пайдаланбайтындығына қатысты ләм-мим деп жақ ашпады.
Сауалнама 24 сағатқа созылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу