Маск Twitter бас директорының қызметінен кетеді

496

NBC Universal американдық медиа корпорациясының сату жөніндегі директоры Линда Яккарино келуі мүмкін.

Маск Twitter бас директорының қызметінен кетеді Фото: mriya.news

Америкалық кәсіпкер Илон Маск алты апта ішінде Twitter-дің бас директоры қызметінен кететінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мен X/Twitter үшін жаңа бас директорды жалдағанымды қуана хабарлаймын. Ол өз міндеттеріне шамамен алты апта ішінде кіріседі", - деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.

Миллиардер сонымен қатар компанияның атқарушы төрағасы және техникалық директоры қызметін атқаратынын айтты. Оның міндеттеріне бағдарламалық жасақтама мен жүйелік басқаруды бақылау да кіреді.

The Wall Street Journal хабарлауынша, NBC Universal американдық медиа корпорациясының сату жөніндегі директоры Линда Яккарино Twitter компаниясының жаңа бас директоры болу үшін келіссөздер жүргізуде.

Басылымның хабарлауынша, Яккарино NBCUniversal-да 10 жылдан астам жұмыс істеді. Мансап барысында ол жарнаманың тиімділігін бағалау әдістерін жетілдіру жолында еңбек еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу