Маск Twitter-де "рақымшылық жасауға" көшті

604

Американдық кәсіпкер бұғатталған пайдаланушылардың әлеуметтік желідегі аккаунттарын қалпына келтірмек. 

Маск Twitter-де "рақымшылық жасауға"  көшті Фото: google

Маск тиісті мәлімдемені 24 қарашада өзінің Twitter парақшасында жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz REGNUM AA сілтемесімен.

Маск өзінің Twitter парақшасында сауалнама жүргізді. Пайдаланушыларға "заң бұзбаған немесе тыйым салынған спамға қатыспаған жағдайда бұғатталған аккаунттарға жалпы рақымшылық жасау керек пе?" деген сұраққа жауап беру ұсынылды. Сауалнамаға үш миллионға жуық адам қатысты. Дауыс берушілердің 72,4%-ы "рақымшылықты" қолдады, 27,6%-ы қарсы болды.

"Халық өз шешімін шығарды. Рақымшылық келесі аптада басталады. Vox Populi, Vox Dei (Халықтың дауысы — Құдайдың дауысы)", — деп түсіндірді Маск сауалнама нәтижесін. 

Осыған ұқсас сауалнама негізінде Маск АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың аккаунтын ашты.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу