Маск Украинадағы Starlink жұмысына қарастырылған Пентагонның ақшасынан бас тартты

566

Маск өткен аптада SpaceX бұдан былай Украинадағы Starlink қызметіне қаржы бөле алмайтынын айтты. 

Маск Украинадағы Starlink жұмысына қарастырылған Пентагонның ақшасынан бас тартты Фото: ria.ru

Оған қоса, SpaceX Пентагоннан шығындарды жабуды талап етті, алайда көп ұзамай Маск Украинадағы Starlink қызметін қаржыландыруды жалғастыратынын мәлімдеді.

Енді кәсіпкер Илон Маск Пентагонның Украинадағы Starlink қызметіне қаржы бөлу мүмкіндігіне қатысты мәлімдемесіне жауап ретінде әскери бөлімнен бұдан былай ақша сұрамайтынын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"SpaceX қаржыландыруға қатысты өтінішін қайтарып алды", – деді Маск.

Американдық әскери Департамент бұған дейін Украинада Starlink спутниктік байланыс жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін қаражат бөлуді қарастырып жатқандығы туралы хабарлады.

Politico газеті өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ Қорғаныс министрлігі осы мақсаттар үшін Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бастамасынан – Украина армиясына тұрақты қолдау көрсетуге арналған арнайы бағдарламадан қаражат бөлетінін жазған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу