Маск Ұлыбританияда спутниктік байланыс станциясын салмақ

1314

Илон Маск Ұлыбритания бойынша, оның ішінде шалғайдағы ауылдық аймақтарды кең жолақты интернет байланысымен қамтамасыз ету үшін ағылшындардың Мэн аралында спутниктік станция салуды қолға алды, деп хабарлайды Telegraph.  

Маск Ұлыбританияда спутниктік байланыс станциясын салмақ

Газеттің хабарлауынша, Масктың Starlink жүйесі аралда станция салуға рұқсат алудың соңғы сатысында тұр. Белгілі болғандай, жергілікті әкімшілік тарапынан Масктың компаниясына белгілі бір жиілік диапазоны бөлінген және аралға жабдық орнатуға рұқсат берілген.

Бұған дейін Starlink сынақ режимінде Ұлыбританияда секундына 150 Мбит дейінгі жылдамдықта спутниктік интернет қызметін сатуды бастаған болатын. Жазылу ақысы айына 89 фунт стерлингті, (53000 тг) құрайды. Ол үшін алдымен антенна мен қабылдағышты 439 фунтқа (187000 тг) бір рет сатып алу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу