Маска киіп жүру: вирус жұқтыру қаупін 90%-ға дейін төмендетеді

1247

Коронавирустың жаңа толқынын алдын алудың басты шартының бірі – осы.  

Маска киіп жүру: вирус жұқтыру қаупін 90%-ға дейін төмендетеді

Алматылық дәрігерлер коронавирус инфекциясының ықтимал жаңа толқынының басталуына байланысты тұрғындарға негізгі сақтық шараларының бірі ретінде бетперде кию туралы тағы да ескертті. 

"Қоғамдық орындарда, адамдар көп жүретін көшелерде, соның ішінде қоғамдық көлікте бетперде кию вирустың ауамен таралуына жол бермейді. Өздеріңіз білетіндей, адамдар коронавирус инфекциясымен симптомсыз ауыруы мүмкін және бұл туралы білместен қоғамдық орындарда маскаларды қолданбай жүрген жағдайда басқаларға жұқтыру қаупін тудырады. Ал барлық адамдардың маскаларды қолдануы –жұқтыру қаупін қоғамдағы ықтимал науқастың 90%-на дейін төмендетеді", – дейді  Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, дәрігер-эпидемиолог Әсел Қалықова.

Бұған дейін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында.

Бұған дейін Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман маска тағу пандемияның екінші толқынының қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін екенін атап өткен. Сондай-ақ, ол COVID-19-бен ауырған адамдарға аурудың симптомдық, симптомсыз ағымына қарамастан, бетперде киюді және қашықтықты сақтауды ұсынды.

"Ауырып жүрмесеңіз де, вирус мұрынға немесе ауызға түсіп, байланыс арқылы одан әрі таралуы мүмкін. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді ғана емес, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдарды да қорғайсыз. Бұл жерде басқалардың қауіпсіздігі туралы да сөз болып отыр. Сондықтан мен барлығын сақтық шараларын сақтауды жалғастыруға шақырамын", - деді Алмаз Шарман.

Сонымен қатар, сарапшылар масканы дұрыс тағу керек екенін айтады. Ауызды ғана емес, мұрынды да жабу керек, өйткені ауада қозғалатын вирустың мұрын мен көздің шырышты қабаттарына енуі ықтималдығы жоғары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу