Маска тағудан бас тартқандарға қандай шара қолданылады?

1311

Қазнетте жас жігітті күштеп далаға алып шыққан паб күзетшілерінің видеосы тарады. Пайдаланушылардың пайымдауынша, жігіт маска тағудан бас тартқан. Қазақстандықтар мұндай шаралар жақын арада біздің елімізде де қолданылады деп алаңдауда.  

Маска тағудан бас тартқандарға қандай шара қолданылады?

Stopfake.kz-тің анықтауынша, тұрғындардың наразылығын тудырған видео Мельбурндегі (Австралия) қонақ үйлердің бірінде түсірілген. Оқиға қонақ үйдің бірінші қабатында орналасқан пабта орын алған. Күзетшілердің жас жігітке мұндай қатыгездік танытуына оның карантиндік шараларды орындаудан бас тартуы емес, мас күйде жанжал шығаруы себеп болған.

7NEWS австралиялық телеарнасының хабарлауынша, оқиға видеоға түсірілгенге дейін 18-жастағы Мельбурн тұрғынын тәртіпсіздік жасағаны үшін мекемеден шығарып жіберген. Бірақ ол ашық терезе арқылы қайта кірген. Күзетшілер жас жігітті екінші рет қуып жібермек болғанда, ол қашуға тырысқан.

"Ол барға қарай жүгіріп, үстелден секіріп, сыра құйып алды", – дейді куәгер.

Қазір қала билігі бұл оқиғаны тергеуде. Қонақ үй әкімшілігі келушіге ресми ескерту жасалғанын хабарлады.

"Бұл жағымсыз оқиғаны әлдеқайда тыныш шешуге болатын еді", – дейді қонақ үй менеджері Энтони Полосо.

Бұл оқиғаның орын алуына карантиндік талаптарды сақтамау себеп болмағанын дәлелдейді. Қазақстанда маска тағудан бас тартқаны немесе санитарлық нормаларды бұзудың өзге де жағдайларында айыппұл қарастырылған, бірақ күш қолданылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу