"Маскалы жігіт" бір апта бұрын бүкіл отбасынан айрылған 16 жастағы жасөспірімге үй сыйлады

1054

Станислав Денисенко қазір ауыр күндерді бастан өткеріп жүр.

"Маскалы жігіт" бір апта бұрын бүкіл отбасынан айрылған 16 жастағы жасөспірімге үй сыйлады Фото: Бейнежазбадан

"Маскалы жігіт" әкесінен және төрт бауырынан айырылған жасөспіріммен жолықты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

16 жастағы Станислав Денисенко Петропавлдағы колледждердің бірінде оқып, жатақханада тұрады.

"Үйіміз өртенгенде мен Петропавлда, жатақханада болдым. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз, бірақ электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Әрі үйде көмірқышқыл газы болған. Әкем – 40 жаста, әпкем – 18-де, қарындасым 13-те, інім 10-да және ең кішкентайымыз 7-де ғана болды. Жеті жыл бұрын анам қайтыс болды. Менің көзім нашар көреді, -4.  Бауырларымды қалаға әкетіп, оқыту арманым болатын. Бұл арманымнан айырылдым, әрі қарай не істейтінімді білмеймін", – дейді жасөспірім.

Бір күнде бүкіл отбасынан айрылған бала қазір жалғыздықтың күйін кешіп жүргенін айтты.

"Сенің басыңнан өткерген қиындықты ешкімнің басына бермесін, сен жалғыз емессің, мұның бәрінен біз бірге өтеміз. Бұдан былай саған оқуымды қалай төлеймін деп уайымдаудың керегі жоқ, сондай-ақ көзіңді емдеуге де көмектесеміз. Енді өзіңнің баспанаң да болады", – деді "маскалы жігіт".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу