Масканың ресми шекті бағасы – 60 теңге

574

Бағасы 26 теңгеге арзандатылған маскалардың сапасына кім жауап береді?  

Масканың ресми шекті бағасы – 60  теңге

Орталық коммуникацялар қызметінде Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбековке осындай сауал қойылды. Комитет өкілінің айтуынша, маска бағасын 26 теңгеге дейін түсіру жөнінде өндірушілер мен құзырлы орган арасында келісім жасалғанымен, ресми бұйрықпен әлі бекітілмеген.

"Науқастардың Қазақстанда ғана емес, әлемде де қатты өскеніне байланысты маска мен оның шикізаты қымбаттағанын білесіздер. Тіпті, 118 теңгеге дейін барған болатын. Қазір біз оны 60 теңгеге дейін түсірдік. Бір реттік медициналық масканың ресми бағасы осы. Сіз айтып отырған ақпаратты біз де білеміз. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірге жұмыс істеп отырмыз. Бұл орган монополияға қарсы заңнама бойынша жұмыс жүргізген болатын. Бизнес субъектілерімен ымыраға келіп отыр. Менің ойымша, мұндай шешім бизнес субъектілері аталған баға шегімен тауарын өткізе алса ғана жақсы деп ойлаймын. Әрине, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өкілетті орандармен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде елдегі маска өндірушілер саны 9-дан 15-ке артты. Бұл мәселені кешенді қарау керек. Әрине, біз шикізаттың, яғни сүзгіш материалдың бағасын ескеруіміз керек. Біз шекті бағаны ресми бұйрықпен бекіткен кезде оның пәрмені барлық маскаға қатысты болады. Шетелдік те, отандық өндіріс те бірдей қамтылады. Тек ол маскалар сертификатпен тіркеген болуы керек", – деді комитет өкілі 
 
Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу