Ал Мәскеудің Қызыл алаңында болған әскери парадқа Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.
Артынша 7 елдің басшылары парадты тамашалауға аттанды. Президенттер медициналық маска тағып келмеген. Себебі, вирустан қорғану талаптары дайындық кезінде қатаң сақталыпты. Жалпы, бұл шараға "инфекцияға иммунитеті бар" 13 мыңнан аса әскери қызметкер тартылған. Іс-шара барысында 200-дей әскери техника көрсетілді. Бұрын-соңды ешкім көрмеген ауыр машиналардың бірқатар үлгілері де паш етілді. Оған қоса, әуе күштерінің әуселесі таныстырылды. Осылайша, көкке 75 ұшақ пен тікұшақ көтерілді. Қазақстан атынан подполковник Ұлан Нұрғазиев бастаған сарбаздар Қызыл алаңмен жүріп өтті. Үндістаннан кейін шыққан отандық әскерилерді Қасым-Жомарт Тоқаев орнынан тұрып, құрмет көрсетті.