Мәскеу Арменияны Киевтің жолымен жүрмеуге шақырып, ескерту жасады

351

Кейінгі кездері Армения мен Батыстың қарым-қатынасы күшейе түсті. Күні кеше Еуропалық Одақ алғаш рет Арменияға Еуропалық бейбітшілік қорынан 10 миллион еуро беретінін хабарлады. Осы төңірегінде бүгін Кремль ресми мәлімдеме жасады. 

Мәскеу Арменияны Киевтің жолымен жүрмеуге шақырып, ескерту жасады Фото: российская газета

Ресей Арменияны бауырлас ел деп санайды және бір кездері Киев режимі таңдаған жолды таңдамайды деп үміттенеді. Бұл туралы Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап. 

"Армения – өзара іс-қимылдың басым бағыттарын өзі таңдайтын егемен ел. Біз үшін (Армения) біздің одақтасымыз, бауырлас ел…біз мұндай ізденістерге құрметпен қараймыз, бірақ мұндай талпыныс бір кездері Киев режимі таңдаған жолға әкелуін қаламаймыз", – деді ол "Сенеждегі" жаңа медиа фестивалінің алаңдарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Кремль өкілі Ресейдің Армениямен қарым-қатынасты жалғастырып, оны дамыту үшін күш салуға дайын екенін атап өтті.

"Бізде біраз жоспарлар бар", – деді ол.

Қазіргі уақытта армян-ресей қатынастары Ереванның бірқатар қадамдарынан кейін шиеленісе түсті, Мәскеу одақтасының әрекеттерін, достыққа қайшы, тіпті, Ресейге қарсы деп бағалады. Олардың қатарына Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын ратификациялау, АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығулар өткізу, республиканың саяси басшылығы өкілдерінің Киев режимінің өкілдерімен кездесуі және олармен Украинадағы "Ресей агрессиясы" туралы әңгімелесуі кіреді.

Екіжақты қатынастардағы одан әрі ушықтырған жағдай – жақында армян басшылығы республиканың ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатты және сол арқылы Ресеймен серіктестіктің қауіпсіздік саласындағы дәрменсіздігін көрсетті. Осыған байланысты Ереван өзінің сыртқы саяси бағытын "әртараптандыру" қажеттілігі туралы жиі айта бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу