Мәскеу-Бангкок бағытындағы ұшақта зардап шеккендердың арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

666

Мәскеу-Бангкок бағытындағы ұшақта зардап шеккендердың арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

Әуедегі бос кеңістікке тап болған Мәскеу-Бангкок бағытындағы ұшақта зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Біздің азаматтар жайында мәліметтер келіп түскен жоқ", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Айта кетейік, Ресейден Таиландқа ұшып шыққан "Аэрофлот" әуе компаниясының ұшағы Бангкок әуежайына апатты жағдайда қонған еді. Өйткені, ұшақ тай елінің әуежайына жете бере бірнеше мәрте әуе ойығына тап болып, соның салдарынан бірнеше жолаушы жарақат алған. Төтенше оқиға кезінде қауіпсіздік белбеуін тақпаған жолаушылар ұшақ әуе ойығына түскен сәтте орындарынан ұшып кетіп, тіпті кейбірі салон төбесіне барып соқтығысқан. Бірқатар жолаушының бел омыртқасы зақымдануы мүмкін деген қауіп те бар. Куәгерлердің айтуынша, жарақат алған жолаушылар ұшаққа дәрігерлер келгенге дейін салон еденінде жатқан. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің 25 адам екендігі, олардың 19-ы ауруханаға жеткізілгендігі белгілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу