Мәскеу бейбітшілік шарты бойынша Ереван мен Баку келіссөздерін ұйымдастыруға дайын — Путин

435

Келіссөздер екі ел басшыларының таңдауына қарай кез-келген форматты ұйымдастырылады. 

Мәскеу бейбітшілік шарты бойынша Ереван мен Баку келіссөздерін ұйымдастыруға дайын — Путин Фото: РЕН ТВ

Ресей президенті Владимир Путин ТМД мемлекет басшылары кеңесінің (МБК) отырысында Мәскеу бейбіт келісімге қол қою мәселесін талқылау үшін Армения мен Әзербайжан өкілдерінің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Отырыстың басты міндеті — қақтығыстың соңғы нүктесін қою үшін бейбітшілік келісімін дайындау. Ресей тарапы, әрине, біздің серіктесімізге жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Атап айтқанда, Мәскеуде кез-келген форматты келіссөздер ұйымдастыруға дайынбыз", — деп атап өтті Ресей басшысы.

Ресей бұл келіссөздердің екі Кавказ Республикасының басшылары қол қоятын бейбіт келісімге қол жеткізумен аяқталуына ықпал етеді. Әрине, таңдау сол екі елдің ерігінде, Ресей тек тиісті жағдай жасамақ, деп атап өтті Путин.

ТМД МБК отырысына Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу