Мәскеу биржасы KASE акционері қатарынан шығады

224

Монетарлық реттеуші осыған байланысты пікір білдірді.

Мәскеу биржасы KASE акционері қатарынан шығады Фото: informburo.kz

Мәскеу биржасы Қазақстан қор биржасы (KASE) акционерлерінің құрамынан шығады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мәскеу биржасы KASE акционерлері құрамынан шығады деген шешім қабылданды. Мұны Мәскеу биржасындағы әріптестеріміз қолдады. Бұл дұрыс кәсіби шешім. KASE және Мәскеу биржасының стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімі болды, яғни олар жақсы жұмыс істеп, өзара технологияларды пайдаланды, тәжірибе алмасты. Алайда Мәскеу биржасы санкция астында қалғаннан кейін, олар бұл санкциялық мәртебенің KASE кәсіпорындарына кедергі келтіретінін айтты", - деді Тимур Сүлейменов брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу