Мәскеу биржасына енгізілген санкцияның KASE-ге әсері қандай?

231

Ұлттық Банк қандай да бір өзгеріс күтілмейді деп отыр.

Мәскеу биржасына енгізілген санкцияның KASE-ге әсері қандай? Фото: ©️ kapital.kz

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәскеу биржасына енгізілген санкцияның KASE-ге әсері туралы түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз KASE-ге қатысты қандай да бір өзгеріс болады деп ойламаймыз. Себебі бүгінде MOEX үлесі 13 пайыз деңгейінде. Өздеріңізге белгілі, санкция 50 және одан да көп пайыз иеленгендерге қолданылады", - деді Тимур Сүлейменов Сенат кулуарында.

Тілшілер "Біз бұл үлесті сатып аламыз ба?" деп нақтылады. 

"Біз түрлі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Жағдайға мұқият мониторинг жүргізудеміз", - деді Ұлттық Банк төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу