Мәскеу Еуропаға жіберілетін мұнайдың 20%-ы енді Азияға жеткізілетінін хабарлады

526

Ресей газдың да бір бөлігін Азияға ғана жеткізетін болды - вице-премьер. 

Мәскеу Еуропаға жіберілетін мұнайдың 20%-ы енді Азияға жеткізілетінін хабарлады Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Ресей Еуропаға жеткізілген мұнайдың шамамен 20 пайызын Азия нарықтарына бағыттады, деп хабарлайды inbusiness.kz вице-премьер Александр Новактың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Бұрын Еуропаға жіберілген энергетикалық ресурстардың негізгі бөлігі жаңа нарықтарға бағытталды. Мысалы, мұнайға келер болсақ, біз бұрын Еуропаға жеткізілген көлемнің шамамен 20%-ын Үндістан, Қытай сынды басқа нарықтарға бағыттадық", - деді вице-премьер.

Газға келетін болсақ, Ресей Азияға жеткізілімдердің бір бөлігін қайта бағыттады, деп жалғастырды ол. Атап айтқанда, Қытайға жіберілетін отынның көлемі өткен жылы шамамен 50 пайызға өсті.

Оның айтуынша, 2022 жылдың наурызында батыстық санкциялар енгізілгеннен сәтте Ресей жедел түрде "бір жарым ай ішінде" достас елдермен, ең алдымен Азия-Тынық мұхиты аймағында, сондай-ақ Латын Америкасы мен Африка елдерімен жаңа логистикалық тізбектер мен байланыстар орната алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу