Мәскеу Халықаралық волейбол федерациясына шағым түсірді

907

Бүкілресейлік волейбол федерациясы 76 миллион доллар өтемақы алу үшін сотқа жүгінді. 

Мәскеу Халықаралық волейбол федерациясына шағым түсірді Фото: olympic.kz

Бүкілресейлік волейбол федерациясы (БВФ) Халықаралық волейбол федерациясынан (FIVB) Ресейдегі Әлем чемпионатын тоқтатқаны үшін 76 миллион доллар өтемақы сұрап Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағым түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.

Әлем чемпионаты 2022 жылдың 26 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында Ресейдің 10 қаласында өтуі керек еді. 2022 жылдың 1 наурызында FIVB турнир Украинадағы жағдайға байланысты Ресейден ауыстырылатынын хабарлады. Халықаралық федерацияға шағым 2023 жылдың 28 сәуірінде түсірілді. 3 мамырда CAS FIVB-ге іс жүргізудің басталғаны туралы хабарлады және оған шағымға қысқаша шолу жасау үшін 20 күн берді.

Ресей кемінде 76 393 595 доллар өтемақы сұрап отыр, оған әлем чемпионатын өткізу құқығы үшін жарна (40 миллион доллар), турнирді ұйымдастыруға келісімді біржақты бұзғаны үшін айыппұл (12 миллион доллар), сондай-ақ БВФ-мен турнирді дайындау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің шығындарын өтеу (кемінде 23 миллион доллар) кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу