Кремль "бейбіт келісімге келу" үшін кез-келген ынта-жігер назар аударуға тұрарлық екенін атап өтті, бірақ Қытайдың 12 талабын қарастыру ұзаққа баратынын айтты, деп жазды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
"Қазір біз арнайы әскери операция жалғасып жатқан кезде әрі біздің алға қойған мақсаттарымызға жету жолында қақтығысты бейбіт жолмен шешудің алғышарттарын көріп отырған жоқпыз", - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Бейжіңнің 12 тармағы "бейбіт жоспарға ұқсас болмағанымен", жалпы алғанда оң принциптер жиынтығы деп айтқан болатын. Дәл осындай ұстанымды Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен де қолдап отыр. Бірқатар украин саясаткерлері Қытайдың ұсынысында Ресей әскерлерін басып алынған аумақтардан шығару талаптары жоқ екенін атап өтті. АҚШ президенті Джо Байден бұл жоспарды "тек Ресей үшін тиімді" деп бағалады.