Мәскеу - Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

498

Мәскеу - Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Мәскеу - Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің  баспасөз қызметі.

"Аэрофлот" әуекомпаниясы көктемгі-жазғы навигация маусымынан бастап, Мәскеу - Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсін ашатын болады. Ресейлік компания Boing-737-800 әуе кемесімен аптасына төрт рет ұшуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта аталған бағыттағы әуе рейсін орындауға байланысты келісім шаралары жүріп жатыр", - дейді комитеттің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу