Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің Ми-8 деп аталатын тікұшағы Мәскеу маңында апатқа ұшырап, салдарын экипаждың 3 мүшесі ажал құшты. Бұл туралы "РИА Новости" басылымы хабарлады.
Іздестіру тобы оқиға орнынан екі қара жәшікті тауып алған. Оларға ешқандай зақым келмеген.
Тікұшақ оқу-жаттығу барысында Клиннен 20 шақырым тұста жерге құлдилап құлаған. Ресми дерек бойынша, апатқа техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Қазір ол маңда мамандар жұмыс істеп, мән-жайды анықтап жатыр. Оқиға орнына әуе-ғарыш күштерінің арнайы комиссиясы келген.
Табиғат Нұрболат
Фото: ria.ru
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу