М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Сыр жастарына жыл сайын 20 грант бөлетін болды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев facebook әлеуметтік желісінде.
"Қызылорда облысының әкімдігі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің ғимаратында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен және басқа да алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарымен меморандумға қол қойып, келісім-шарт жасасты. Атап өту қажет меморандум аясында 2018 жылдан бастап М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті физика-математика және механика-математикалық мамандықтары бойынша сырбойылық жастарға магистратурада оқу үшін жыл сайын 20 грант бөлетін болды",- деп жазды басқарма басшысы өз парақшасында.