"Мәскеу мен Ереванда бизнес-жобаны іске асыруға болады"

699

ТМД елдерінің мемлекетаралық жобасы аясында қазақстандық бизнесмендер Армения, Ресей, Белорус сынды мемлекеттердің ірі қалаларында өз жобаларын ұйымдастыра алады. Ол үшін сол қалалардың басшылығымен келісіп, жергілікті бизнесмендерге өз қаражатынан инвестиция құюы керек. Бұл туралы ТМД елдері инновациялық ынтымақтастығының мемлекетаралық мақсаты бағдарламасы аясында өткен стратегиялық конференция барысында Astana invest басқарма төрағасы Жанболат Кәкішев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мәскеу мен Ереванда бизнес-жобаны іске асыруға болады"

Оның сөзіне сүйенсек, шетелдің инвесторлары арқылы қалада жаңа жұмыс орындары ашылады.

"Бұл – жаңа инновацияларды қолдануға мүмкіндік беретін мемлекетаралық өзара әрекет. Еуроодақ елдерінің қалалары бір-біріндегі өндірісті ұйымдастыру әдістемелерін қарап, таныса алады. Биыл Нұр-Сұлтан қаласы қонақтарды қабылдады. Біз Astana invest пен қала әкімдігі тарапынан қатысып отырмыз. Мақсатымыз – инноваторларға, яғни жаңа бизнеске жайлы жағдай жасау. Олар қалада өнеркәсіптік өндіріс құрғанын қалаймыз. Осының арқасында жаңа жұмыс орындары ашылады және денсаулық сақтау, білім сынды әлеуметке маңызды салаларда қызметтер тиімді бола түседі деп есептейміз", – дейді Astana invest басқарма төрағасы Жанболат Кәкішев. 

Іс-шараны "Сколково" атты қор ұйымдастырған. 

"Қор 10 жыл көлемінде ТМД елдері арасында инновациялық бағдарламалар жүргізеді. Еуроодақ ұйымымын "тығыз жұмыс істейді". Біздің мақсат – инвесторлар мен бизнесмендер арасында көпір болу", – дейді Қордың вице-президенті Юрий Сапрыкин. 

Айта кету керек, аталмыш іс-шара аясында Нұр-Сұлтанға ТМД елдерінен инвесторлар келіп, жергілікті бизнесмендерге жобаларын ұсынды. Алдағы күндерде, ұйымдастырушылар сөзінше, бірнеше жобаға келісімшарт жасалады деп күтіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу