Мәскеу мен Киевке МАГАТЭ басшысы келеді

600

Рафаэль Гросси Запорожье атом электр станциясындағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр.

Мәскеу мен Киевке МАГАТЭ басшысы келеді

Агенттік екі елдің астаналарында Запорожье атом электр станциясының айналасында қауіпсіздік аймағын қалай құру керектігі туралы консультациялар жалғасып жатқанынхабарлайды.

Гросси станцияның бас директорсыз қалуы қауіпсіздікке қауіп төндірмейтінін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz euronews-ке сілтеме жасап.

"Жоқ, ешқандай қауіп төнбейді. Өздеріңіз білетіндей, мен Киевке бара жатырмын. Біз Запорожье атом электр станциясын қорғау үшін барымызды саламыз. Ең бастысы, Мурашов босатылды, отбасымен қауышты", – деді МАГАТЭ директоры Рафаэль Гросси.

Жақында Запорожье станциясының бас директоры Игорь Мурашов Киев пен МАГАТЭ наразылығынан кейін Ресей тарапынан босатылып, Украинаның бақылауындағы аумақта қалды.

Бұған дейін Ресей тарапы оны Украинаның арнайы қызметтерімен ынтымақтастық жасады деген айыппен ұстады. Киев мұндай әрекетті адам ұрлау және халықаралық терроризм актісі деп бағалады.

Ресейдің СІМ Гроссидің Мәскеуге жоспарланған сапары алдында атом электр станциясы Ресей ведомстволарының басшылығымен жұмыс істеуі керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс. Бұл туралы сәрсенбіде Ресей СІМ басшысының орынбасары Сергей Вершинин мәлімдеді.

Мәскеудегі баспасөз мәслихатында ол негізгі міндет – "бұл ядролық қауіпсіздік" және "қазір атом электр стансасы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан және сәйкесінше біздің мамандандырылған ведомстволарымыздың басшылығымен жұмыс істеуі керек" деді. 

Рафаэль Гроссидің Мәскеуге нақты қай күні келетінін тілшілер сұрағанда Вершинин: "Мен оның Киевке, содан кейін Мәскеуге келетінін растаймын. Бірақ нақты уақытын ұмытып тұрмын, алайда кездесу жақын арада болады" деп жауап берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу