Мәскеу мен Минск Батыстың санкцияларына бірлесіп қарсы тұрмақ

700

Лукашенко Сочиде ресейлік әріптесімен Путиннің АҚШ президенті Джо Байденмен алдағы уақытта өтетін кездесуді, Украинадағы жағдайды және пандемия мәселесін талқылаған. 

Мәскеу мен Минск Батыстың санкцияларына бірлесіп қарсы тұрмақ

Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь пен Ресей үкіметтеріне Батыстың санкцияларына бірлесе жауап беру тапсырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"СБ.Беларусь сегодня" басылымының хабарлауынша, Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі келіссөздердің басым бөлігін санкциялар мәселесіне арнаған. "Қос үкіметке қалай әрекет ететінімізді пысықтау жағы тапсырылды. Мен премьер-министр Роман Александровичтен бұл мәселені кешіктірмей шешуді сұраймын", – деді Лукашенко.  Ол Сочиде ресейлік әріптесімен Путиннің АҚШ президенті Джо Байденмен алдағы уақытта өтетін кездесуді, Украинадағы жағдайды және пандемия мәселесін талқылаған.

Беларусь басшысының айтуынша, Одақтас мемлекетке қарсы белгілі бір сыртқы күштер бірігіп, Беларусь пен Ресейге қысым көрсетпекші. Путин бұл жағдайды жақсы түсініп отыр деген пікірде Лукашенко. "Біздің бұған қатысты көзқарасымыз бір, сондықтан барлық шабуылдарға бірлесе қарсы тұруға бел будық", – деді ол.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу