Мәскеуде Жеңіс күніне арналған парадқа дайындық қызу жүріп жатыр, дайындық түнде де үзілген жоқ, деп хабарлайды Atameken Business.
Қызыл алаң арқылы танк, зымыран жүйесі орнатылған көліктер сап түзеп өтті.
Биыл пандемияға қатысты бұл шара кейінге шегерілген еді. Парад енді 24 маусымда болуға тиіс. Оған бұрынғыдай сырттан көп қонақ келмейді. Халық та алаңға жиналып, әскерилер мен жаңа техникаларды көре алмайды.
Мәскеуде карантин алынып тасталғанмен, тұрғындардың көптеп жиналуына тыйым салынған. Сондықтан қала халқы парадты теледидар арқылы көреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу