Мәскеу соты қазақстандық студентті екі айға қамауға алды

709

Қазақстандық студенттің үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Мәскеу соты қазақстандық студентті екі айға қамауға алды

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Мәскеудің Никулин соты МГИМО студенті Асылбек Хисамиді екі айға қамауға алған. 

"Сот тергеу талабын қанағаттандырып, Қазақстаннан келген Хисамиді екі айға қамау шарасын тағайындады. Оның үстінен Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 161-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хисами МГИМО студенті деген дерек бар", – деп жазады ТАСС.

Дмитрий Жванецкий 3 күн бұрын Мәскеудің Минск көшесіндегі мейрамхананың алдында соққыға жығылған болатын. Белгісіз екі адам оны сабап, сағаты мен ақшасын тартып алған. Кейін зардап шегушілер келген шығынның көлемін 13 мың рубль деп бағалаған. Көп өтпей тәртіп сақшылары осы іске күдікті ретінде Асылбек Хисами мен Әлішер Қабыловты ұстаған. Әлішер Қабылов әзірге бұл істе куәгер ретінде жауап беріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу