Мәскеуде 16 жасар қыз коронавирустан жазылды

966

Қазір науқастың жағдайы жақсы, дәрігерлердің  көмегіне  дән риза. 

Мәскеуде 16 жасар қыз коронавирустан жазылды

Қызбен бірге анасы да ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды РИА Новости

Қыз бала жақында отбасымен Италиядан келген. Онымен бірге анасы да ауруханаға жатқызылған.  

Мәскеуде коронавирустан жазылып шыққан 16 жасар қыз ауруханадан шықты, деп мәлім етті қала мэрінің  әлеуметтік даму мәселелері  жөніндегі орынбасары Анастасия Ракова.  

"Осылайша, Мәскеуде тоғыз адам жазылып шықты. Бұл жақсы динамика", – деп нақтылады Анастасия Ракова.  

"Алайда анасының диагнозы расталмады және карантинге түскеннен кейін көп ұзамай әйел шығарылды. Қызы арнайы емделу курсынан өтіп, екі апта бойы арнайы оқшауланған. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ауруы жеңіл болды. Нәтижесінде сараптама ағзада коронавирустық инфекцияның жоқтығын көрсетті", – деді.

Қыздың әкесі, мэр орынбасарының айтуынша, медициналық орталықта жатыр, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ешқандай асқынулар жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда пандемиямен жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясы басталғанын хабарлады. Әлемде қазірдің өзінде 292 мыңнан астам адам жұқтырған, 12,7 мыңнан астамы қайтыс болған. Ресейде 367 адам  коронавирус жұқтырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу