Мәскеуде 6 мыңнан астам адам наразылық шеруіне шықты

716

Шерушілер автономды рунет туралы құжат қабылданатын болса, интернеттің ресейлік сегменті оқшауланып, халықаралық қызметтер бұғатталады деп алаңдаулы.

Мәскеуде 6 мыңнан астам адам наразылық шеруіне шықты

Мәскеуде дербес интернет туралы заң жобасына қарсы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Сахаров алаңындағы акцияға 6 мыңнан астам адам қатысты. Шерушілер автономды рунет туралы құжат қабылданатын болса, интернеттің ресейлік сегменті оқшауланып, халықаралық қызметтер бұғатталады деп алаңдаулы.

Шара кезінде тәртіп сақшылары дрон ұшырған онға жуық адамды қамап тастады. Себебі бұған дейін қауіпсіздік мақсатында дрон ұшыруға тыйым салынған.

Айта кетейік, Ресейдің мемлекеттік думасы "дербес интернет туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған болатын.

"Қытайда болсаңыз интернет жылдамдығының төмен әрі қымбат екенін байқар едіңіз. Бұған қоса көптеген сайттар, оның ішінде ақпарат агенттіктері жұмыс істемейді. Меніңше, Интернет бұл ортақ құндылық. Ол сөз бостандығының кепілі, біздің конституциялық құқығымыз. Сондықтан қоғам еркін интернетті қорғау үшін күш біріктіруге тиіс", ­– дейді шеруге қатысқандардыі бірі Влад Дерба.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу